Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ, ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕДЕГІ ТИІМДІЛІГІ"атты апталық жұмысы
Колледж жаңалықтары

"КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ, ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕДЕГІ ТИІМДІЛІГІ"атты апталық жұмысы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі Әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес "Өнер және мәдениет" бөлімінде "Бейнелеу өнері және технология" пәндік бірлестігінің "КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ, ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕДЕГІ ТИІМДІЛІГІ"атты апталық жұмысы басталды.Апталық жұмысының жоспарына сәйкес "Қашықтықтан білім берудегі көркем еңбек пәнінің тиімді әдістері мен озық тәжірибелері" атты Аймақтық онлайн ғылыми тәжірибелік семинар жұмысымен басталды.Семинарды ашқан колледж әдіскері Д.Ө.Лұқпанова апталық жұмысына колледж әкімшілігі атынан сәттілік тіледі.Семинар модераторы "Өнер және мәдениет"бөлімінің меңгерушісі кеңеске қатынасушы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекекттік университеті "Бейнелеу өнері және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы Н.Ә.Бермағамбетке, Ж.Досмұхамедов атвндағы Орал жоғары колледжі "Технология және бейнелеу өнері" кафедрасы меңгерушісі Н.А.Хамзинге, Ақтөбе гуманитарлық колледжі "Мектепке дейінгі тәрбие және көркем еңбек" пән бірлестігінің жетекшісі С.Ж.Мураткалиеваға, 10 С.Мұқанов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Н.Т.Махметоваға сөз беріп, әріптестер көркем еңбек пәніне қатынасты өз іс тәжірибелерімен бөлісті.