Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ» тақырыбында тәрбиелік шара
Колледж жаңалықтары

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ» тақырыбында тәрбиелік шара

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімі 3/9/ жк тобының ұйымдастыруымен орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі-қазақ топырағынан шыққан данышпан перзент, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларынан нәр алғызып, студенттерді туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Шарада студенттер заманында поэзия падишасы атанған Әл-Фарабидің өлеңдерін, нақыл сөздерін жатқа айтты.
Топ жетекшісі: Масатова С.Т.