Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» тақырыбында «Филология» бөлімінің 3/9/ жк мен 3/9/ркш топтарында тағылымды шара
Колледж жаңалықтары

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» тақырыбында «Филология» бөлімінің 3/9/ жк мен 3/9/ркш топтарында тағылымды шара

Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені?
Мен қазақтың баласы! деп жырлаған өресі биік, бастауы тұнық, қанатты поэзияның иесі, халықтың жүрегінен өшпестей орын алған ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» тақырыбында «Филология» бөлімінің 3/9/ жк мен 3/9/ркш топтарында тағылымды шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірімен таныстырып қысқаша мағлұматтар беру, ақын шабытын оятқан, оны тебіренткен – бүгінгі өмір, заман сыры, халық өмірі, Отан тағдыры тақырыбындағы өлеңдерін жатқа оқу арқылы Отанының патриот азаматы болуға, еліне, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Шарада студенттер өз өмірін өлеңмен өрген, қазақтың өр талантты ақыны, қиын да күрделі заманда туып, адалдық пен ақындықты тұмар етіп, батыл, ойлы, сырлы да шыншыл, дауылды поэзиясымен XXI ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірдерегіне тоқталып, бұлақтай таза жырларын жатқа мәнерлеп оқыды.
Ұйымдастырушы: Масатова С.Т.