Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Жайықты тербетеді Жұбан жыры» тақырыбында тәрбие сағаты
Колледж жаңалықтары

«Жайықты тербетеді Жұбан жыры» тақырыбында тәрбие сағаты

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Филология» бөлімі 2(9)в тобының ұйымдастыруымен, қазақтың халық жазушысы, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Жайықты тербетеді Жұбан жыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Ақын Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын студенттерге кеңінен насихаттау.
Шарада студенттер ұлтының азаттығын аңсаған, оны көрегендікпен жырлаған Жұбанның жалынды, дәтке қуат, жанға шуақ беретін дастан-жырларын жатқа оқыды. Жалынды жырларын жатқа оқитын жастар барда ақын есімі мәңгі өшпейді.
Ұйымдастырушы: Масатова С.Т.