Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » “Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары”тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары
Колледж жаңалықтары

“Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары”тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырумен өткен “Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары”тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде Бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі , Көркем еңбек пәнінің оқытушысы
Утемисова Айнұр Мухамбетжанқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Мұғалім – басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымының мойнында дегендей жауапкершілігі мол ұстаздық қызметіңізге шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!!!