Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Мамандық таңдау-болашаққа қадам" тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар
Колледж жаңалықтары

"Мамандық таңдау-болашаққа қадам" тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар

    Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директоры Қарабаева Айжан Сәрсенқызы, Атырау облыстық Білім беру басқармасымен біріккен инстаграм желісінде тікелей эфирге шығып, "Мамандық таңдау-болашаққа қадам" тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар, колледжде дайындалатын мамандықтар, қабылдау ережелері жөнінде ақпарат берді.
Ісім оңға бассын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
                                Әл-Фараби.
     Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Яғни мамандық таңдау тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей, қиналатыны бар. Бүгінде оқу орны болашақ мамандарды оқуға шақыру бағытында, сондай-ақ, оқытылатын мамандықтар, оның қоғамға қажеттілігі жөнінде түрлі жұмыстар жүргізіп келеді.
    Білімнің қасиетті қара шаңырағына айналған ғасырға жуық шежірелі тарихы бар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі облыста тұңғыш ашылған кәсіби білім беретін оқу орны. 1929 жылы Гурьев педагогикалық техникумы ретінде жұмысын бастаған білім ордасы арнаулы педагогтік білімі бар бастауыш сынып мұғалімдерін даярлады. Білім ордасына 1992 жылы Ұлағатты Ұстаз, білікті басшы, Қатира Дүтбаеваның есімі берілді. Қазіргі кезде колледж заман талаптарына сай жаңарып, кемелденіп келеді. Қазіргі таңда колледжде 120 оқытушы жұмыс жасайды. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді, білім беру ісінің үздіктері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, Үздік педагог төсбелгісінің иегерлері, магистрлер мен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімдерін жетілдірген жоғары санатты оқытушылар дәріс беруде. Колледжде "Мектеп", "Филология" ,"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Өнер және мәдениет" бөлімдері 11 мамандық, 14 біліктілік бойынша мамандар даярлап отыр.Түрлі бағытта 11 үйірме жұмыс жасайды және спорттық секциялар бар. Бүгін колледжімізде 1140 студент білім алуда. Төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан қызмет атқарудағы жұмыстар Zoom бағдарламасы, Classroom, Platonus платформасымен оқу-тәрбиелік шаралар талапқа сай жүргізіледі. Колледж оқытушылары мен студенттері қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, акцияларға, инновациялық жобаларға, көрмелерге, спорт өнер бағытындағы шараларға үнемі қатысып, білімдерін сынға салып жүлделі орынды алып иеленуде. Сондай-ақ колледжде білім алушылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларына айрықша мән беріледі. Біздің теңгерілімде 120 орындық жатақхана бар. Мұнда шалғай ауылдардан келген білім алушылар, мүгедек, жетім және көпбалалы отбасының балалары түрлі жеңілдіктер мен оқып тәрбие алуда. Облыстық білім беру басқармасы, қалалық білім бөлімімен және тәжірибе өткізілетін мекемелермен уақытылы келісім – шарт жасалып, білім алушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығы негізінде практикадан өтуге бағдарламаға сәйкес жіберіледі.
    Колледж білім алушылары оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды практика түрлерінен
• 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі
• 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі
• 4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
• 4S01140401 Бастауыш және негізгі орта білім берудің өзін-өзі тану мұғалімі
• 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
• 4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
• 4S01140301Көркем еңбек мұғалімі
• 4S01140501Дене тәрбиесі мұғалімі
• 4S01140201 Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі
• 4S02151001 Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы
• 4S02310101 Аудармашы
мамандықтары бойынша Жалпы білім беретін орта, негізгі мектептер мен гимназия лицейлерден, бөбекжай-бақшаларынан, мәдени, оқу-аударма орталықтарынан, шетелдік компания орындарынан практикадан өтіп отырады. Мекеме тарапынан білім алушыларымызға Алғыс айтылып, тіпті жұмысқа алуға ұсыныс білдіреді.
    Жұмыс берушілердің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес оқу орны жыл сайын сәуір-мамыр айларында бітіретін түлектер қатыстырылып, «Бүгінгі білімді жас-ертеңгі білікті маман» атты жұмысқа бөлу шарасын өткізіп отырады. Осы шараға Атырау облыстық Жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, Облыстық Білім беру басқармасы, қалалық Білім беру бөлімі, Аудандық Білім беру бөлімі басшылары, қалалық мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілері, Оқу орталыктары мен Мәдениет және өнер ұйымдары басшылары қатысып, нәтижесінде бітіруші түлектің түйіндемелерін мекеме басшылары өздеріне алып, әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа алатындығы анықталады. Соның нәтижесінде жалпы жұмыспен қамтылу 87 пайызды берді.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің миссиясы қоғам талабына сай азаматтық рухани құндылықтармен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті, мамандарды дайындау. Осы миссияны орындау бағытында педагог мәртебесін көтеруге негіз болып табылатын жаңа бағытта білім беру үдерістері жоғары деңгейде тиімді ұйымдастырылуда. Колледж ұжымы болашақ мұғалімдерді даярлап ұлттық идеяны іске асырып ұстаздың кәсіби әлемінің жаңа бейнесін қалыптастыру үшін тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетіп келеді.