Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » “Сыныптан тыс жұмыс технологиясы ” тәжірибесінің қорытынды конференциясы
Колледж жаңалықтары

“Сыныптан тыс жұмыс технологиясы ” тәжірибесінің қорытынды конференциясы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімі “Бастауыш шетел тілі мұғалімі” мамандығы 2(9) В топ студенттерінің “Сыныптан тыс жұмыс технологиясы ” тәжірибесінің қорытынды конференциясы ZOOM топтық бейнебайланыс бағдарламасы арқылы онлайн түрде өтті. 
Кәсіптік практика кәсіптік білім беру оқу жүйесінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады, оқыту, тәрбиелеу, білім беру саласына қызмет көрсету болашақ мұғалімдерді кәсіптік машықтан өткізіп дайындаудың тиімді нысаны болып саналады.
Конференцияға директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Мұқсиева Н.Е, практика әдіскері Ахмет А. Б, колледж оқытушылары жəне топ студенттері қатысты.
Конференция кезінде 2(9)В топ студенттерінің 6 сәуір мен 10 мамыр аралығында өткен  "Сыныптан тыс жұмыс технологиясы" тәжірибесі қорытындыланды. Студенттер осы тәжірибеден қалай өткендігі туралы сөз қозғалды. Конференция кезінде директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Мұқсиева Нұргүл Еділқызына сөз берілді. Практика нәтижесінде студенттер оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін үйренді. Сондай-ақ, оқушылардың сабақ үстінде отыруын, сабаққа қатысуын бақылады. "Сыныптан тыс жұмыс технологиясы" тәжірибесінен барлық студент өте жақсы деген баға алды.