Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Жаңару жолындағы жас маман»
Колледж жаңалықтары

"Жаңару жолындағы жас маман»

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
                                                                                                      В. Маяковский.
Жас мамандардың теориялық білімдері мен педагогикалық біліктілігін арттыру, әдістемелік, практикалық көмек көрсету мақсатында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Жас маман" бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес "Жаңару жолындағы жас маман» тақырыбындағы апталық "Рефлексия – педагогтың кәсіби дамуының негізі" онлайн коучинг сессиясымен басталды. Коучинг сессияның спикері ретінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің психология және арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. PhD доктор Казиев Карас Оржанұлы қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Коучинг сессияға колледж және университет оқушылары қатысып, пікір алмасты.
ҚР білім беруді және ғылымды кіріктірудің мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында өзара сыйластық, түсіністік пен тиімділік принциптерін негізге ала отырып, екі білім ордасында қол қойылған меморандум тиімді оң нәтиже берері сөзсіз.
"Жас маман" бірлестігінің жетекшісі, п.ғ.магистрі Киюазова А.Ж.