Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Экологиялық сана – басты қазына»
Колледж жаңалықтары

«Экологиялық сана – басты қазына»

«Экологиялық сана – басты қазына»
Бүгінде адам санасы барлық іс-әрекетін экологиялық тұрғыдан қарастырмаса, тіршілігімізге қауіп төніп тұрғаны сөзсіз. Әл-Фараби атамыз айтқандай, «Дүниеде бәрі математикалық дәлдікпен орналасқан, орнынан бір нәрсе жылжыса, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады». Жер тоңы жібіп, алғашқы көк шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Осы ретте «Эко-Sana» жобасы «Менің отбасым-Жер жанашырлары» бағыты бойынша іс-шаралар жоспары аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттері өз ауласын көгалдандыру, абаттандыру, тазарту жұмыстарына белсене қатысты.
Отансүйгіштік рухтағы патриоттық бастамасы жастарымыздың бойында ең басты қазыналарымыздың бірі – экологиялық сананы қалыптастыруға болашаққа да қызмет ете берсе, нұр үстіне нұр демекпіз.