«WorldSkills Atyrau - 2021» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты болып өтті.
28 мамыр күні «WorldSkills Atyrau - 2021» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты болып өтті.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша қатысушылар мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас, қиял және шығармашылық қабілеттерін дамытатын, жеке, физикалық және көркемдік-эстетикалық дамуына ықпал ететін қызмет түрлерін көрсету арқылы сынға түсті.
Колледжіміздің атынан қатысқан «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 4 курс студенті Амантұрлиева Жанеркем Есенжолқызы барлық қатысушылыр арасынан оза шауып, өзінің білімділігі мен алғырлығын дәлелдеп, жүлделі 1 орынды иемденді. Бас сарапшы міндетін атқарған колледжіміздің жоғарғы санатты ұстазы Суталиева Г.Е.,жетекшісі Бисенгалиева Н.Р.
Ұстаздарымызға жас ұрпаққа білім беру жолында мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жемісті еңбек тілесек, бүгінгі студент , ертеңгі маман Жанеркеге қанатың талмасын, өз еліңнің ертеңін сеніп тапсыратын жақсы маман бол деп тілек айтамыз!Жеңіс құтты болсын!