Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 31-мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні
Колледж жаңалықтары

31-мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

Тарих-ұлт рухының айнасы.
Өркениет көшіне ілескен ел,тарихты қадірлеп,қүрметтейді.
Тарихтан өзге,ешбір ғылым адамзатты Отанды сүюуге,жерін,елін қорғауға,тәрбиелей алмайды.
Бүгін 31-мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.
Сол бір ауыр жылдардың айтары бар,үйретері тіптен қымбат.
Тарих беттері мың мәрте қайта парақталса да,құпия тұстары да көмескі күйінде ұсталды.
Қалай десек те,тарих-халық жадының алтын діңгегі,ұлы бағдары.
Уақыттың ішкі мағынасына ой жіберіп,
құндылықтарымызды түгендеуге,жөн жосық табуға ұмтыла түссек,жүрек сыздатар, ауыр салмақ көтерген аргументтерге жолығамыз.Жолды бөгеген қолдан жасалған қиындықтарды кездестіресің ,адам тағдырын тәлкек еткен саяси дүрбелеңнің сиқын неге теңеріңді білмей дал боласың. Өткенге көз салсаңыз ұлттың барлық озық ойлы ұлттық демократия мен егемен ел болуын көксеген белсенді қайраткерлеріне жала жабылып , себепсіз сотталып,ату жазасына кесілгеніне куә боласыз.
Империяның күңгірт саясатын Алаш қайраткерлері білді,барынша сақ саясат жүргізіп елін сақтап қалғысы келді.
Қызыл империяда олардың ұлттық автономия деген озық ойына қолдау көрсетпейтін еді.Кемсіту мен кедергі,қиянат пен қорлау көрген елдің рухы, қатты сынып қалған еді.Жарлыны-байға, халықты-құдайға айдап салған аласапыран кезеңдегі тарихи шындықтарды ұрпақ зердесіне барынша шынайы жеткізіп,деректі дүниелердер сабақ алып жаңа тың жол табуға ортақ түсінісуге жетелеуге міндеттіміз. Зор қайғы қасірет әкелген репрессия жылдары сақ болуына,сергек болуға жетелейді.
Қазақ халқының қаһарман ұлдары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов,Отыншы Әлжанов,Мағжан Жұмабаев,Смағұл Сәдуақасов,Әміре Исин,Нығмет Нұрмақов тағы көптеген есімдер жадымызда.Саяси қуғынның құрбандары. Икемді,сабырлы,салиқалы жол табуға үңілген ащы зары,көзден төгілген кермек жасы тарих парағының бетіне тамды.Елді азат қылу деген биік мақсаттары болған еді.Темір құрсаулы түрменің сыз қабырғаларына қамалып боздақтар амалсыздың күйін кешті.Тектінің тергеусіз, сұраусыз күйі ,дәрменсіз жағыдайы, саяси көрсоқыр сауаты шалалардың қолында ойыншық болғаны қандай ауыр.
Көз таңулы,құлақ жабулы күйден өтіп кеттік.Барлық ақиқат айтылып жатыр.
Тарихымызбен ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу мәңгілік мұрат болып қала береді.
Қасиетті іс жасап ел болу, жолында ерлікке барған бабалар ізі көнермейді,өшпейді.
Ұлт азаттығы жолында құрбан болғандарға,халқына қорған болғандарға тағзым.