Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
Колледж жаңалықтары

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті балғындар!
Қадірлі ата - аналар!
Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»-дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек. Бұдан бөлек, әлем халықтары 20 қарашада Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусымда Африкада балаларды қорғау күнін мерекелейді. Ал біздің елімізде балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтіледі. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, барша қоғам мүшелерінің болашақ иелеріне деген жауапкершілік пен борыштар танымын тереңдетуін адамзат болашағы талап етуде. Оларға болашақты табыстаудан бұрын сапалы білім, өнегелі тәрбие, жылы мейірім қажет екенін ескертеді.
Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі ұжымы сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтайды! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспіз! Жер үсті қасіреттен ада, сәбилер жүзі қуанышқа толы болсын!