Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Бүгінгі білімді жас - ертеңгі білікті маман"
Колледж жаңалықтары

"Бүгінгі білімді жас - ертеңгі білікті маман"

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 25-26 мамырында «Бүгінгі білімді жас - ертеңгі білікті маман» атты түлектерді жұмысқа орналастырудың онлайн шарасы өтті.
Негізгі мақсат – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз кәсібін жетік меңгерген, мамандығы бойынша жұмыс жасауға икемді, білімді жастарымызды яғни бітіруші түлектерімізді жұмысқа тартып, еңбекке орналасуын қамтамасыз ету. Шараға қатынасу үшін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, жұмыспен қамту орталығына, Облыстық Білім беру басқармасына, қалалық білім беру, аудандық білім бөлімдеріне, қалалық мектеп пен балабақша, оқу-аударма орталыктары мен ЖШС мекемелеріне хат жолданып, бірқатар жұмыс беруші компания өкілдері шақырылды.
Шараны директордың оқу-өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Н.Е. Мұқсиева ашып, 2020-2021 оқу жылы бітіретін түлектер туралы мәліметтер беріп, әр аудандық білім беру басшыларымен және кадр бөлімімен сол аудан бойынша бітіретін түлектерді сұранысқа сай жұмысқа орналастыру жөнінде сөз қозғады. «Облыстың және басқа да өңірлердің білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылып, қай жерге қандай мамандар қажеттілігі анықталып, мониторинг жүргізілді. Қазіргі таңда облыс бойынша 192 орынға сұраныс анықталды. Осы сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жасалуда. Өткен онлайн шара бірқатар бітіруші түлектер үшін оң нәтижелі болды.