Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР, АТА-АНАЛАР!
Колледж жаңалықтары

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР, АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР, АТА-АНАЛАР!
Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймын! Бірінші қыркүйек жаңару мен жаңғырудың, жетістіктер мен жеңістердің бастауы. Адамзат өміріндегі самғау мен шарықтау тек қана білімнің арқасында жүзеге асады. Сондықтан да биылғы жылы ерекше сезіммен білім ордасын аттаған үлкенге де, кішіге де бұл күннің маңызы зор.
Ғасырлық тарихы бар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне биылғы жылы 10 мамандық бойынша білімгер қабылданды. Мұғалім болуға талпынған талапкерлерге қарап, ұстаз мәртебесі мен беделінің қоғамдағы орны әрқашан жоғары екеніне көз жеткіземіз.
Ұстаздарын, достарын, қызықты аудиториясын сағынған барша студенттерге сәттілік тілеймін. Арманға қарай самғаған қанаттарыңыз талмасын! Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білімге құштар саналы ұрпақ болыңыздар!
Әлемдік пандемия кезінде туындаған келеңсіздіктердің өзін мүмкіндікке айналдырып, кәсіби дамуды, үздіксіз ізденуді  тоқтатпаған ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт серік болсын!
Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта offline режимде сабақты бастаймыз. Жаңа оқу жылы берекелі, табысты, жемісті  жыл болғай! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Колледж директоры: Қарабаева Айжан Сарсеновна.