Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1- курс студенттеріне арналған «Ұлы тұлғаң көз алдымда мәңгілік...» атты Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның құрметіне арналған “Қатиратану” сабақтары өтуде.
Колледж жаңалықтары

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1- курс студенттеріне арналған «Ұлы тұлғаң көз алдымда мәңгілік...» атты Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның құрметіне арналған “Қатиратану” сабақтары өтуде.

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1- курс студенттеріне арналған «Ұлы тұлғаң көз алдымда мәңгілік...» атты Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның құрметіне арналған “Қатиратану” сабақтары өтуде.
Дәстүрге айналған аталмыш шарада ұстаздың өмірі,  атқарған қызметі туралы деректер көрсетілді. Студенттер колледжде жұмыс жасайтын Қ.Дүтбаева атындағы мұражайға саяхат жасады. Оның жарқын бейнесі шәкірт санасында жаңғырып, жасарып, мәңгі өмір сүре бермек.
Қатира Дүтбаева Ермекқызы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, қоғам қайраткері. Ол 1927 жылы Доссор елді мекенінде дүниеге келген. 1944 жылы орта мектепті аяқтап, Гурьевке келіп екі айлық мұғалімдер курсында оқып, мектепте мұғалім болып еңбек етеді.
1949 жылы Алматы қаласынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітіріп келді. Оқу министрлігінің жолдамасымен Гурьев педагогикалық училищесіне директор болып тағайындалды. Осы оқу орнында он жылға жуық басшылық қызметте жүріп, мұғалімдік қызметке білімі мен күш-жігерін жұмсай еңбек етті, облыстың педагог кадрларын дайындауға сүбелі үлес қосты.
Көптеген білім ордаларында басшылық етіп, облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті орынбасарының  референті,  ағарту қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметтерін атқарған. Осы жылдары облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш сала жүріп, ерекше ұйымдастырушылық қасиетімен танылды. Нәтижесінде арнайы жобамен ондаған мектеп үйлері, сынып бөлмелері, жатақханалар салынды.
Елі үшін жасаған еңбегі мен төккен тер, өнегелі ізгілікті іс пен өлшеусіз ұлағаты тарихта қалды. Қатира Ермекқызы аяулы ана, асыл жар бола білген, жеке басының үлгі-өнегесі, адамгершілік асыл қасиеттері ел есінде қалған жан. Жолдасы елге танымал өнертанушы, жазушы, драматург Берік Қорқытов.
Атырау қалалық атқару комитетінің №201 санды жарлығымен 1992 жылдан бастап Атырау гуманитарлық колледжі Дүтбаева Қатира Ермекқызының есімімен аталады.
Суретте: Педагогика пәнінің оқытушысы Досмағанбетова Гүлжанның шарасынан үзінді.