Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу

Бүгін Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және вакцинация қарқынын жоғарылату мақсатында 18 жасқа толған студенттер арасында насихаттау жұмыстары бойынша медициналық қызметкер, облыстық стоматологиялық балалар емханасының директоры Намазғалиева Нұргүл Сатанқызымен дөңгелек үстел өтті.
✅ Вакцина алудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар колледж психологы Рабай Күнайым Түйешіқызы сөз алып, әлемді жайлаған індеттен құтылудың бірден бір жолы екпе алу екендігін нақтылай түсті. Студенттер көкейде жүрген сұрақтардың жауабын алды.
❗️Құрметті студенттер, бәріңізді сақтық шараларын сақтауға шақырамыз! Денсаулық - зор байлық!