Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - БОЛАШАҚТЫҢ НЫҚ ҚАДАМЫ
Колледж жаңалықтары

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - БОЛАШАҚТЫҢ НЫҚ ҚАДАМЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - БОЛАШАҚТЫҢ НЫҚ ҚАДАМЫ
Білім күні қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбында кезекті Жолдауын ұсынды.
Бұл Жолдауда Президент елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына назар аударды. Әсіресе, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, сапалы біліммен қамту, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамалары да маңызды орынға ие болды.
Президент білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, елімізде мектептер саны 2025 жылға дейін мыңға жету керектігіне айтты. Одан бөлек ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту керектігіне ерекше тоқталып өтті.
Бұл жөнінде колледжде студенттермен және ата-аналармен танысып, жолдауды талқылау жұмыстары жүргізілді. ZOOM бағдарламасымен болған кездесуде 2025 жылға дейін 800 мектеп салынатынын естіген ата-аналар “оған дейін біздің балаларымыз бітіріп, жұмысқа орналасады”- деп қуаныштарын бөлісті.
Қазақстанның басты байлығы-халқымыздың саулығы мен амандығы. Осы істерді шешуде ел болып, бірлігіміз ұйысып бірге жүрейік. Еліміздің келешегі кемел, тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болатынына сенемін.
Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, “Үздік педагог” төсбелгі иегері Асқарова Армангул Қаленқызы