ӨҢІРАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
ӨҢІРАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Кеше «ПЕДАГОГТІҢ КƏСІБИЛІГІ-ҮЗДІКСІЗ КƏСІБИ ДАМУЫНЫҢ НƏТИЖЕСІ» тақырыбындағы Ақтөбе облыстық ғылыми- тəжірибелік орталығы ұйымдастырған өңірлік шебер-класс өтті.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтау, Ақтөбе облыстық ТжКББ ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысқан онлайн шараға колледжіміздің Үздік педагогы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шуйншалиева Гүлжайнар Нығметқызы қатысты.
Оқытушы қазақ әдебиетінен «М.Мағауиннің "Шақан-шері" романын оқыту кезінде қолданған әдіс- тәсілдерімен таныстырды. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізудің дағдыларымен бөлісті.


