Колледж психологтары Ұлықпанова Сымбат Төлепбергенқызы мен Рабай Күнайым Түйешіқызы колледж оқытушыларымен “Тұрмыстық зорлық- зомбылық қоғамның кеселі” тақырыбында психологиялық мәдени шара өткізді.
Колледж психологтары Ұлықпанова Сымбат Төлепбергенқызы мен Рабай Күнайым Түйешіқызы колледж оқытушыларымен “Тұрмыстық зорлық- зомбылық қоғамның кеселі” тақырыбында психологиялық мәдени шара өткізді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп факторларын нақтылау, өмірдің қиын жағдайларына тап болудан жасөспірімдерді сақтандыру, ата-аналармен байланыс орнату жұмыстары жөнінде түсінік берілді.
Шара барысында топ жетекшілер кейстер бойынша тәжірибелік жұмыстар, талдаулар жүргізіп, өз пікірлерімен бөлісті. Тренингтер арқылы ақпараттың маңыздылығына тоқталып, қоғамдағы көкейтесті мәселені жан-жақты талдады.

