Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » ҰСТАЗ БОЛУ - ТЕҢЕУІ ЖОҚ ҚҰДІРЕТ
Колледж жаңалықтары

ҰСТАЗ БОЛУ - ТЕҢЕУІ ЖОҚ ҚҰДІРЕТ

ҰСТАЗ БОЛУ - ТЕҢЕУІ ЖОҚ ҚҰДІРЕТ
⚜️Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының 1- курс студенттері қалалық орталық кітапхананың шақыртуымен “Ұстаз болу - теңеуі жоқ құдірет” атты кездесу кешіне қатысып келді. ⚜️Атырау облысының Құрметті азаматы, ақын, ғалым, профессор - академик Қадыр Жүсіптің 85 жасқа толуына байланысты ұйымдастырылған кездесуде ағай мен оның шәкірттері жиналып, қызықты естеліктерден сыр шертті. ⚜️Қадыр ағай әдебиет, руханият, ғылым, ұстаз, шәкірт туралы толғамдарын ортаға салды. Ақын, ғалым, ұстаз болған әрбір шәкіртіне мейірлене қарап, өзінің ұстаздарын еске алды, поэзия оқыды. Кеш соңында баспадан соңғы шыққан кітаптарын сыйға тартты. ⚜️Болашақ мамандардың есінде қалатын мағыналы, рухани шара үшін қалалық кітапхана ұжымына алғыс айтамыз. Студенттерді бастап алып барған Қадыр Жүсіптің шәкірті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жалғасбаева Жанар Өмірзаққызы.