Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлағатты ұстаз Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның 90 жылдығына арналған
Колледж жаңалықтары

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлағатты ұстаз Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның 90 жылдығына арналған

       Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлағатты ұстаз Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның 90 жылдығына арналған «Елімнің болашағы-салауатты ұрпақ» ұранымен Елбасымыздың «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз» керек екендігін айтып өткен болатын, осы орайда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 24-қаңтарда колледж оқытушылары арасында спорттық ойындардан жарыс өткізілді.Жарыс 2 бөлімді құрады. Бірінші бөлім «Қызықты эстафета» және екінші бөлім волейбол ойындары. Ұжымнан 5 топ қатысты. Колледж әкімшілігі «Болашақ» тобы ,топ жетекшісі- Нәсіп Маратқызы, «Өнер және мәдениет» бөлімі «Шабыт» тобы, топ жетекшісі – Дәулет Құрметұлы, «Мектеп» бөлімі «Өзінше» тобы, топ жетекшісі- Гүлжайнар Нығметқызы, «Филология» бөлімі «Сникерс» тобы,топ жетекшісі-Мөлдір Сәрсенбекқызы, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімі, «Жалын» тобы топ жетекшісі- Азамат Балтабайұлы.Сайыс қызықты әрі , көңілді өтті.Нәтижесінде «Өнер және мәдениет» бөлімінің «Шабыт» тобы- І орын, колледж әкімшілігі «Болашақ» тобы-ІІ орын, «Мектеп» бөлімі «Өзінше» тобы- ІІІ орын иемденді. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімінің «Жалын» тобы және «Филология» бөлімінің «Сникерс» топтары Алғыс хатты иемденді.«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ұжым ұстаздарының сан мыңдаған шәкіртке үлгі өнеге болып, білім мен тәрбие беріп қана қоймай , өз ұйымшылдықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді.        Құрметті колледж ұжымы! Сіздерге мықты ден саулық тілей отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріңізге шын жүректен тілегімізді білдіреміз!