Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің кәсіби бағдар беру жұмыстары өтуде.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің кәсіби бағдар беру жұмыстары өтуде.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің кәсіби бағдар беру жұмыстары өтуде. Аудан және қала мектептерінде болған колледж оқытушылары талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, колледждің артықшылықтары мен құндылықтарына тоқталды.
✅Ғасырлық тарихы бар оқу орнының жетістіктерін бейнеролик арқылы көрсетті. Мамандық таңдаудың болашақтағы маңызы туралы тоқтала келіп, мұғалімдікті жаны сүйетін оқушыларды білім алуға шақырды. Қабылдау емтихандарының ережелері түсіндірілді.
✅Қаладағы №12, 15, 17 мектептер мен Кіші өнер академиясында Жұмағалиева Заря мен Джайлашева Динара болып келді. Атырау қаласының Бірлік аулындағы Б.Нысанбаев мектебіне Рабай Күнайым, Бөпежанова Шынаргүл, Опа Шынар барып келді.
✅ Исатай ауданына қарасты Х. Ерғалиев аулы, Чапаев аулы, аудан орталығындағы Аққыстау мектептерінде 9,11 - сынып оқушыларымен Лұқпанова Дина мен Қарабәлі Смағұл ағай кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.