Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » БҮГІНГІ БІЛІМДІ ЖАС — ЕРТЕҢГІ БІЛІКТІ МАМАН
Колледж жаңалықтары

БҮГІНГІ БІЛІМДІ ЖАС — ЕРТЕҢГІ БІЛІКТІ МАМАН

БҮГІНГІ БІЛІМДІ ЖАС — ЕРТЕҢГІ БІЛІКТІ МАМАН
✅27 сәуір күні осындай тақырыппен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде түлектерді жұмысқа орналастыру рәсімі өтті. Аталмыш шараға Атырау облыстық Білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.
✔️Іс-шара педагогикалық бағытта бітіруші түлектерді Атырау облыстық білім беру ұйымдарының сұраныстарына сай жұмыс орындарына алдын-ала бөлу мақсатында жоспарланды. Бүгінде оқу орны 11 мамандық, 14 біліктілік бойынша мамандар даярлайды. Биылғы оқу жылы 270 түлек бітіреді.
✔️Жәрмеңке барысында шараны колледж директорының у.м.а. Қабделова Әсем Сатымғалиқызы алғы сөзбен ашты. Мәлімет бойынша бітірушілердің 132-сі жоғарғы оқу орнына барады. 32-інде жұмыс бар, 3-і армия қатарында, қалған 103-не жұмыс керек екенін айтылды. Ұсынысқа сай 92 сұраныс түсті.
✔️Жұмыс берушілер тарапынан Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы Долдашев Айбол сөз алып, ұстаздар даярлап отырған оқу орнының ұжымына алғысын айтып, оң пікірін білдірді. Іс-шараның қорытындысы бойынша 95% түлек жұмыспен қамтылып отыр. Болашақ мамандар қоғамға қажетті білікті кадр болады деп сенеміз.