Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » ШЕБЕРДІҢ ИНЕСІ ДЕ, КҮЙМЕСІ ДЕ АЛТЫН
Колледж жаңалықтары

ШЕБЕРДІҢ ИНЕСІ ДЕ, КҮЙМЕСІ ДЕ АЛТЫН

ШЕБЕРДІҢ ИНЕСІ ДЕ, КҮЙМЕСІ ДЕ АЛТЫН
Осындай тақырыппен “Өнер және мәдениет” бөлімінің “Көркем еңбек” мамандығының 3- курс студенттері байқау практикасының қорытынды конференциясын өткізді. Жетекшісі: Берғалиева Батима Сарсенбайқызы.
Практика кезінде атқарған жұмыстарынан шебер-сынып өткізген машықкерлер қолөнер түрін жасаудың қыр-сырымен таныстырды. Мектепте өтетін технология пәнінің маңызын түсіндіріп, өз қолдарынан шыққан бұйымдармен көрме ұйымдастырды.
№13 Д. Байбосынов атындағы мектеп гимназиясынан, Сағыз орта мектебінен, Амангелді орта мектебі мен «Жас дарын» өнер орталығынан тәжірибеден өтіп келген студенттер өздерінің тыңғылықты жұмыстарының арқасында колледж ұжымына Алғыс хаттар алып келді.
Конференцияға қатысқан директордың өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы машықкерлердің тәжірибелерін жоғары бағалады. Бөлім меңгерушісі мен бір топ әдіскерлер шеберлікке баулитын болашақ мамандарға сәттілік тіледі.