ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАММЕН
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАММЕН
осындай тақырыппен «Өзін – өзі тану мұғалімі» мамандығының 4(9) тану тобы дипломалды практикасы бойынша қорытынды конференция өткізді.
Мақсаты: түлектердің кәсіби педагогикалық қызметке даярлығын анықтап, тәжірибеден алған әсерлерімен бөлісу. Жетекшісі Изимова Гүлмаржан Нәдірқызы.
Рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттаушы мамандар “тыныштық сәті, дәйек сөз, 5Т, мұғалім сыйы” сияқты әдістердің маңызына тоқталды.
Машықкерлер “Өзін - өзі тану” пәнінің онкүндігінде атқарған жұмыстарымен бөлісіп, кездескен түрлі педагогикалық жағдаяттарды шешудің жолдарын көрсетті.
Бір топ әдіскерлермен бірге конференцияға директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы қатысып, практика жұмысын қорытындылады.




