
«Филология» бөлімі, “Шетел тілінен бастауыш білім беру” мамандығының 3(9)В тобында “Theory is the study of rules & practice is the study of exceptions” атты “Мектептегі байқау” іс тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті. Әдіскер: Кульчикова Мөлдір Сарсенбайқызы.

Конференцияда машықкерлер тәжірибеде қолданған жаңа сөзбен жұмыс (vocabulary, new words), тыңдап-түсіну дағдысын қалыптастыру (listening, work with pronunciation), мәтінмен жұмыс (pre-reading, reading, after reading tasks), грамматикамен жұмыс (Use of English) және ойын түрлерін (games) көрмеге саяхат жасау арқылы көрсетті.

№40 Жалпы білім беретін орта мектепте тәжірибеден өткен білім алушыларымыз практика кезінде ерекше көзге түсіп, мектеп директорының “Алғыс хатымен” марапатталып келгенін мақтан етеміз. Олар: Маштакова Айдана, Салых Гүлайым, Бақтығалиева Ақжан, Серікқалиева Еркеназ.

Шараға қатысқан екінші курс студенттері тренингке белсене араласып, кері байланыс уақытында өз ойларын ортаға салды. Директордың өндірістік-тәжірибе жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы, ағылшын тілі пәні оқытушысы Шынар Жасұланқызы студенттерге алғысын білдірді.