ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ: ЖАҢАРУЛАР, ТАЛАПТАР
ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ: ЖАҢАРУЛАР, ТАЛАПТАР
тақырыбымен «Филология» бөлімі, «Бастауыш мектептің шетел тілі мұғалімі» мамандығы, 4(9) В тобының студенттері дипломалды практикасының қорытынды конференциясын өткізді. Жетекшісі: Опа Шынар Жасұланқызы.
Конференцияның мақсаты – теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету, мектепте өткізген іс-тәжірибелерін бөлісу. Өздері қолданған оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстырып, кәсіби құзіреттіліктерін тереңдету.
Түнгі студия бағытында өткен конференцияда машықкерлер берген ашық сабақтарының әр кезеңдерінен үзінді көрсетіп, ойларын ортаға салды. Алибекова Көркем, Ғайнеденова Дильназ, Ерсайын Гүлраушан студияның қонақтары болды.
Олар интерактивті тақта арқылы оқушыларға “Hello” атты өлеңмен шағын сергіту сәтін ұйымдастырды. Жаңа сабақты түсіндіріп, қысқа мерзімді жоспардың негізгі бөліміндегі бекіту тапсырмасын мәтін бойынша орындатты.
“TalkLike” айдарында конференцияға қатысушы директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы мен әдіскерлер және студенттер кері байланыс жасап, практика жұмысына оң бағасын берді.





https://www.facebook.com/100013796823361/videos/pcb.1451175232019024/517858996357780