
Наурыз айының 29 - жұлдызы күні "Филология" бөлімі, "Шетел тілінен бастауыш білім беру" мамандығының 4(9)А тобында "Teacher's land" атты дипломалды іс тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияда машықкерлер тәжірибеде қолданған әдіс - тәсілдерін ортада көрініс арқылы қойды. Ашық сабақтың, тәрбие сағатының түрлерін, ата - анамен жұмыс, қмж үлгілерін, басқа да құжат түрлерінен көрме ұйымдастырды.

Шараға қатысқан ұстаздар мен білімгерлер болашақ мамандардың практика кезінде өткізген жұмыстарының куәсі болды. Санаулы уақыттан кейін ұстаз атанатын студенттер өздерін кәсіби шеберлігімен таныта білді.

Директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы конференцияға қатысып, мемлекеттік практикадан өтіп келген студенттердің жұмысын бағалады. Әдіскер Құралай Ғибратжанқызына алғыс білдірді.