БОЛАШАҚ МАМАН — ЕЛ ТІРЕГІ
БОЛАШАҚ МАМАН — ЕЛ ТІРЕГІ
тақырыбымен “Өнер және мәдениет” бөлімі “Хореографиялық өнер” мамандығының 4(9) ХӨ тобында мемлекеттік іс-тәжірибе жұмысын қорытындыдау конференциясы өтті.
Машықкерлер дипломалды тәжірибесін келісім шарт бойынша балабақшалардан, қалалық мәдениет сарайлары мен ауылдық мәдениет үйлерінен, өнер мектептері мен облыстық драма таетрдан өтіп келді.
Олар тәжірибе кезінде мәдениет сарайында өтетін түрлі ұйымдастыру жұмыстарымен танысып, сыныптан тыс іс шаралар мен шығармашылық үйірмелердің жұмысын жүзеге асырды.
Конференцияға қатысушылар эстетикалық талғаммен қойылған билерді тамашалап, практика кезінде өткізілген жұмыстардың куәсі болды. Кәсіби шығармашылық қабілеттерін нығайта түскен бишілерді көрді.
Шараға директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы қатысты. Болашақ мәдени ағарту саласының мамандары мен әдіскерлер - Анна Анатольевнаға, Заря Мизамқызына, Гүлнар Төлегенқызына алғысын білдірді.




