“Бастауыш сыныпта білім беру” мамандығының 2-курс студенттері "Сыныптан тыс жұмыс технологиясы" педагогикалық практикасының қорытынды конференциясын өткізді.
“Бастауыш сыныпта білім беру” мамандығының 2-курс студенттері "Сыныптан тыс жұмыс технологиясы" педагогикалық практикасының қорытынды конференциясын өткізді. Жетекшісі: Орақова Назерке Ақанқызы.
Қаладағы №21 Ж. Жабаев атындағы, №27 И.Тайманов атындағы, №19 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде тәжірибеден өтіп келген машықкерлер теориялық білімдерін практикада ұштастыра білді.
Олар тәрбие жұмысы жоспарын жасақтап, бастауыш сынып мұғалімімен бірге ата-аналарымен бірлескен жұмыс жасады. Бастауыш сынып оқушыларының тәртібі мен іс-әрекетіне педагогикалық зерттеу жүргізді.
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, "Көшбасшыңа сен" жане "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбындағы тәрбие сағаттарынан үзінді көрсетті. Ситуациялық сұрақтар арқылы таңдаған мамандықтарының маңызын аша түсті.
Конференцияға колледж директоры Айжан Сарсенқызы мен директорлың өндірістік тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы қатысып, алғашқы практикаларын сәтті қорғаған студенттерді жетістіктерімен құттықтады.



