
“Филология” бөлімінің 3(9)жк тобында “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” атты тақырыппен дөңгелек үстел форматында тәрбие сағаты өтті. Топ жетекшісі: Қалағанова Гүлнар Салахаддинқызы.

Мақсаты: қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға үйрету. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Шараның барысында қыздар арасында түрлі сұрақтар талқыланып, пікірталас өткізілді. 3(9)жк тобының студенттеріМұхамметжанова Алтынай, Нұрлыбек Айша, Ғаббасова Жанерке, Жұмағұлова Жанель тақырыпқа сай қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.

Колледж ұстаздары мен студенттерінен сұхбат алынып, бейнежазба көрсетілді. Сол бойынша аруларымызға арнап өзінің ақыл-кеңесін ұсынған Гүлнар апай сөзінің соңын Ақұштап ақынның “Сіңліге сыр” өлеңімен аяқтады. Тәрбие сағаты Ғалымжанова Аружанның әсем әнімен өрнектелді.