Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
Колледж жаңалықтары

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ —
қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қәбілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс. Бұл жас ұрпақтың есті түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауына мүмкіндік жасайды.
Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануы – болашаққа жасалған дұрыс таңдау, балаларымыздың өзінше шешім қабылдауының алғашқы қадамы. Біздің мақсат - сол қадамның маңыздылығын түсіндіру. Өйткені өскелең ұрпақты құбылмалы заманға қарай бейімдеу өзекті мәселе.
Әр мектеп түлегінің алдында болашақ мамандықты таңдау міндеті тұр. Осы ретте арнайы дайындықсыз таңдау жасау қиын. Сондықтан түлектерге дұрыс бағытта таңдау жасауға көмектесу мақсатында Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Асқарова Армангүл Қаленқызы Еркінқала орта мектебінде, М.Өтемісұлы және И.Тайманов атындағы мектептерде болса, Утебалиева Айжан Темірғалиқызы, Садикова Арайлым Әлібекқызы Атырау қаласындағы №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясы және №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектептердегі 9, 11 сынып оқушыларымен кездесіп, педагогикалық мамандықтардың маңыздылығына тоқталды.
Алдымен колледж тынысы туралы видеоролик көрсетілді. Оқу орны тарихынан қысқаша шолу жүргізіліп, мамандықтар туралы толық мағұлматтар берілді. Сұрақтардың көпшілігі дене шынықтыру, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары төңірегінде қойылды. «Талапкер -2022» ақпарат парақшасы әр сынып бұрышына, ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына ілінді.
#кәсібибағдар#атыраугумколледжі2022 @nurgul_muksieva
@askarovaarmangul
@utebalievaaizhan
@arailimsadikova