Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Құрметті ұстаздар! Қымбатты білім алушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Колледж жаңалықтары

Құрметті ұстаздар! Қымбатты білім алушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты білім алушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек - барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдер үшін алғашқы жұмыс әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттермен есте қалады.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған білім алушыларды қарсы алады. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, еліміздің болашағы үшін қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге бүгінгідей жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз. Жаңа бастамаларға сәттілік!
Ғасырға жуық тарихы бар, өнегелі білім ордасы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі жас толқынға құшағын айқара ашты. Оқу жылының алғашқы күні “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, патриотизм” тақырыбында оқу- танымдық сағаттарымен басталды.