Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » "Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады"
Колледж жаңалықтары

"Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады"

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» деп Ахмет Байтұрсынұлы келтірген теңеуден-ақ тілдің дәржесін, салмағын, қоғамдағы орнын білуге болады. Біздің көпұлтты елде 5 қыркүйекті тілдер мерекесімен арнайы атап өтудің де өзіндік мәні бар. Осы айрықша датаның Алаш арысы, ұлт ұстазы, көрнекті ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі - қазақ тілінің тағдыры үшін тар жол тайғақ кешуден өткен, қазақ әліппесі мен графикасының, құрылымы мен емлесін жазып, ұрпаққа мұра етіп қалдырған дара тұлғаға көрсеткен құрметтің биігі.
Аталмыш мереке қарсаңында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 4(9) жк, 3(9) б, 1(9) б, 2(9) м, 2(9) ркш, 2(9) е, 3(9) е топтарында іс-шаралар өткізілді. Күміс көмей әншілер әндетіп, мың бұрала билеген бишілер, тіл туралы оқылған өлең шумақтары мен қойылымдық сахналар жиналған оқытушы мен студенттерді тәнті етті.