Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Облыстық ғылыми–практикалық конференция
Колледж жаңалықтары

Облыстық ғылыми–практикалық конференция

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығымен бірлескен Техникалық және Кәсіптік Білім беру (ТжКБ) оқытушылары арасында педагогикалық тың идеялар, заманауи интербелсенді әдістер мен озат іс-тәжірибелерді тарату мақсатында ТжКБ ұйымдарының оқытушыларына арналған «Efficient techniques of teaching English» тақырыбында
Облыстық ғылыми–практикалық конференция өтті. Конференцияда Облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері Ажигулова Майя Салауатовна “Педагогикалық «кунг-фу» қазіргі педагогикаға көзқарас концепциясы ретінде” тақырыбындағы өзінің зерттеп жүрген әдіс-тәсілімен бөлісті. Сонымен қатар, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледж оқытушысы Г.Е.Жаранова, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледж оқытушысы А.А.Аралбекова, Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледж оқытушысы Д.Д.Бағдатова, Құлсары Мед-Профи колледжі оқытушысы Г.М.Мукашева және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж оқытушылары Р.Х.Исенгариева, А.Ж.Киюазова, М.С.Кульчиковалар оқытудағы тиімді әдістермен таныстырып, практикалық жұмыстар мен тренингтер ұйымдастырды. Конференция барысында кәсіптік білім берудегі көкейкесті мәселелер, тәжірибелер және перспективалар талқыланып, педагогтар өзара тәжірибе алмаса отырып, ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасында ынтымақтастық аясында кәсіби қарым-қатынас орнатылды. Конференция соңында қатынасушылар Облыстық әдістемелік орталықтың және колледж әкімшілігінің “Алғыс хаттарымен” марапатталды.