ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы талқыланды
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Өнер және мәдениет" бөлімінің жастары арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы талқыланды. Бөлім басшысы Дәулет Құрметұлының ұйымдастыруымен студенттер көптеген ақпар алды. Сонымен қатар колледжіміздің әлеуметтік-қоғамдық пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы Шанбаева Жаңыл Абабакирқызы жолдаудың 10 негізгі міндетін студенттерге атап , ашып айтып нақты жеткізді.




