Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кеш өткізілді.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кеш өткізілді.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

          Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кеш өткізілді.
           Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі .
Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады
«Поэзия –үміт сезімі, жүрек дірілі, жан тынысы шексіз сезімге толы махаббат» осы құдыреттің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады. Бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.
Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикалары студенттерге таныстырылды.
Колледж жастары арасында «Жас ақындар» клубы жұмыс жүргізілуде. Клуб жетекшісі Жанар Өмірзаққызы колледждің жас буын ақындарын тәрбиелеуде. 
«Жас қалам» ақындар клубы мүшелері ақынның өлеңдерін,әндерін жырлады.
Кешімізге арнайы қонақтары шақырылды.
«Хабар» телеарнасының Атырау облысындағы тілшісі Арыстанбек Кенже, 31 канал телеарнасының Атыраудағы тілшісі, ақын АсанТемір Қаршығаұлы, айтыскер ақын Әбдіхан Есеналиев. Қонақтарымыз студенттерімізге Мұқағалидың өмір тарихын,өлеңдерінің шығу тарихымен таныстырды. 
Сонымен қатар колледж кітапханасында М.Мақатаевқа арналған кітап бұрышын жасақталып, бірнеше кітаптарымен студенттер таныс болды.
Кеш ұйымдастырушы «Филология» бөлімінің 1(9)в тобы, жетекшісі Мөлдір Сәрсембайқызы.