Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Өнер және мәдениет" бөлімінде 19-28 ақпан аралығында "Бейнелеу өнері және технология" пәні бірлестігінің "Өнерің болса қолыңда, өнерлінің ырысы,жарқырап жатыр жолында..." атты он күндік
Колледж жаңалықтары

Өнер және мәдениет" бөлімінде 19-28 ақпан аралығында "Бейнелеу өнері және технология" пәні бірлестігінің "Өнерің болса қолыңда, өнерлінің ырысы,жарқырап жатыр жолында..." атты он күндік

     Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі "Өнер және мәдениет" бөлімінде 19-28 ақпан аралығында "Бейнелеу өнері және технология" пәні бірлестігінің "Өнерің болса қолыңда, өнерлінің ырысы,жарқырап жатыр жолында..." атты он күндік шаралар апталығы басталды. Апталық "Ұлттық өнерді үйренсең,еліңе тиер зор пайдаң" атты студенттердің шығармашылық көрмесімен басталды. Апталықты ашқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Бекенқызы апталық жұмысына сәттілік тіледі. Бөлім басшысы Дәулет Құрметұлы апталықтың бағдарламасымен таныстырды.Көрмеден соң оқытушы Бозжігітов Е. Кескіндеме пәнінен "Құмыра мен жемістерден құрылған натюрмортты бейнелеу" атты ашық сабағымен жалғастырды.
    Апталықтың 2 күні бөлім фойесінде "Жарқырап, жайнай берш -туған өлкем" атты студенттердің фото көрмесімен басталды.Көрмені ұйымдастырушы Еркін Серікұлы көрмеге қойылған суреттер туралы тоқталды.Содан кейін оқытушы Батима Сәрсенбайқызының 3/9/ тех тобындағы "Сый кәде бұйымдар жасау жолдары" атты ашық сабағы өтті.Студенттерге сый кәде түйенің жасалу жолдары туралы үлкен мәліметтер беріліп,сол бойда жасалу жолдарын іс жүзінде көрсетті.