Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен 16 ақпан күні «Кәсіби даму – үздіксіз ізденіс» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен 16 ақпан күні «Кәсіби даму – үздіксіз ізденіс» тақырыбында облыстық семинар өтті.

      Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен 16 ақпан күні «Кәсіби даму – үздіксіз ізденіс» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Заманауи оқыту бағдарламаларын оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық ізденістермен дамыту, өзара тәжірибе алмасу.
Қонақтарды ізгі тілектер жазылған тәттілермен қарсы алған семинар жұмысы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директорының ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г.Қ.Баймұқанованың алғы сөзімен ашылды.
Одан кейін сөз алған «Назарбаев зияткерлік мектебінің Дербес білім беру ұйымы Атырау қалалық Педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Нұржанова жаңартылған білім мазмұнының маңыздылығына тоқталып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Әрі қарай пленарлық семинар баяндамалармен жалғасты.
Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі «Филология» бөлім меңгерушісі К.Г. Доскариева «Ағылшын тілін оқытудағы шетелдік тәжірибе» атты баяндамасында алдымен «Филология» бөлімінің қазіргі тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, өзі дәріс алып келген Англиядағы тағылымдамадан жаңа әдіс-тәсілдерге кеңінен тоқталды. APEC PetroTechnic жоғары колледжі оқытушысы А.Е.Ермекова «Новые подходы в обучении для подготовки кадров» атты баяндамасында өз сабақтарында қолданатын жаңа әдістердің тиімділігін атап өтті. Одан кейін де сөз алған «Кәсіпқор» холдингінің тренер –оқытушысы Г.Х.Булекбаева кәсіптік – техникалық білім берудегі жаңашылдыққа маңыз берсе, «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігімен оқып жатырған 4 курс студенті А. Ақылбекқызы тәжірибеден өту барысында заманауи технологиялардың мұғалім үшін де, оқушы үшін де керекті ең негізгі әдіс екендігіне тоқталып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әрі қарай семинар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Ж.Ө.Жалғасбаева мен К.А. Шалабаеваның ұйымдастыруымен «Есіңе мені алғайсың» (Мұқағали шығармашылығынан поэтикалық мюзикл) атты өнегелік шарасымен жалғасты. «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінде оқитын студенттері кейіпкерлерді сомдауларымен көрермендерді тамаша әсерге бөлесе, Ш.Б.Бупежанованың жетекшілігімен ұйымдастырылған«Speaking club» ағылшын тіліндегі «Ынтымақ» тобы үйірмесі білім алушылардың шабытын шыңдай түсті.
Облыстық семинардың тәжірибелік бөлімі №34 көпсалалы мектеп-гимназиясында өткізілді. Мұнда қазақ тілінен 3 курс студенті А.Кенжемұратова (жетекшісі Масатова С.Т.) 5 «а» сыныбына «Көлік түрлері, сын есімнің шырайлары» тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, «Шетел тілінен бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті А.Жко (жетекшісі Кургенова Г.М.) 5 «б» сыныбына ағылшын тілінен «Reading for pleasure. A book festival» ашық сабағын жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттырып, болашақ мұғалім ретінде өзі де жетіле түсті.
Болашақ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Алиева Ә, Гумарова А. 5 «ә» сынып оқушыларына «Традиции народов – золотая колыбель» тақырыбында орыс тілінен ерекше форматтағы ашық тәрбие сағатын қонақтарға ұсынды. Әдіскері әрі топ жетекшісі Ж.Б.Калиева студенттеріне бағыт-бағдар беріп, оқушы бойларындағы барлық қабілетін айқындайтын әдістерін көрсете алды. Семинар соңында жаңа технологиялардың бірі – «пәндік тілдік кіріктірілген оқыту» (КЛИЛ әдісі) бойынша жүргізген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.А.Балқасимованың семинар қонақтары мен колледж оқытушыларына арналған биология пәнімен кіріктірілген коучингы өз мақсатына жетті.
Облыстық семинардың қорытынды бөлімінде Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан келген аға оқытушы, тренер М. С.Ажигулова ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Ж. Байболатова:
Қарсы алып жарқын жүзбен құшақ жайған,
Бүгінгі өткен семинар шықты ойдан
Семинарға қатысуға себеп болған,
Пед колледж ұжымына алғыс айтам!!! деген өлең жолдарымен жүрекжарды алғысын білдірді. Колледж директорының ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г.К.Баймуханова семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан қонақтар мен оқытушыларды алғыс хатпен марапаттады.
Сондай ақ семинар барысында оқытушылар бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында №34 көпсалалы мектеп-гимназиясы директоры Орынгүл Хаджығалиқызы колледж оқытушыларына мектебінде бар мүмкіндік туғызып, қол ұшын бергені үшін алғысымызды білдіреміз!
«Филология» бөлімінің меңгерушісі Құралай Ғибраджанқызы