Мәдени демалысты ұйымдастыру және саздық білім беру" пәндер бірлестігінің "Музыка және би өнері-әлемнің рухани елшісі" атты апталығы
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде "Мәдени демалысты ұйымдастыру және саздық білім беру" пәндер бірлестігінің "Музыка және би өнері-әлемнің рухани елшісі" атты апталығында "Сағындырған, сағынышты әндер-ай" атты шара өтті.Шараға бірнеше жұп қатынасты.Колледж әкімшілігінен Нұртазина Нәсіп, студенті -Камалова Маншук- "Ана туралы жыр" әнімен, Косалиева Айымгул, студент- Тұрсынғалиева Мадина- халық әні "Әгугай"; "Өнер және мәдениет бөлімінен" Тасимова Гүлзира, студенті Жұмабек Талғат-"Арыс жағасында" әнімен,
"Филология " бөлімінен Шыныбаева Аягөз, Ихсанова Жазира- "Мұңайма" әнімен,"Өнер және мәдениет бөлімінен" Масалимова Салтанат, студент Серікқали Бауыржан-"Дос туралы жыр", "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бөлімінен Ералина Гүлбаршын, Көшерғалиева Айбарша,Кушенова Светланна, Мырзағалиева Дана,Джапанова Альфия- "Қайдасың" әнімен, Мектеп бөлімінен Базарғалиева Ляйла студенті Мұратова Кенжегүл "Жібек сезім" әнімен, колледжіміздің бас есепшісі Слушаш Қыздарбайқызы,студент Әділбеков Абылаймен "Мөлдірім" әнімен өз өнерлерін ортаға салды.Сайыста әділ қазылар әділ бағасын беріп,қорытындылай келе 1-орынға "Филология " бөлімінен Шыныбаева Аягөз, Ихсанова Жазира, 2-орынды "Өнер және мәдениет бөлімінен" Тасимова Гүлзира,студент Жұмабек Талғат, 3-орынды Слушаш Қыздарбайқызы,студент Әділбеков Абылай жеңіп алды. Аталған қалған жұптар "Алғыс хатпен" марапатталды.



