"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту " бөлімінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай "Бақыт гүлін терген күн" тақырыбында ұстаздар мен студенттер арасында шеру
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту " бөлімінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай "Бақыт гүлін терген күн" тақырыбында ұстаздар мен студенттер арасында шеру өткізіліп, мерекелік шараға ұласты. Мақсаты: Студенттерді Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.







