Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Педагогикалық жасақтар және балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушылар аралығында «Біз-Қазақстанның тәлімгерлері!» атты ІVслет өтті
Колледж жаңалықтары

Педагогикалық жасақтар және балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушылар аралығында «Біз-Қазақстанның тәлімгерлері!» атты ІVслет өтті

    2018 жылдың 18 мамыр күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Педагогикалық жасақтар және балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушылар аралығында «Біз-Қазақстанның тәлімгерлері!» атты ІVслет өтті. Слеттің мақсаты - жазғы тынығу лагерінен тәжірибеден өтетін 3 курс аралығындағы білім алушылардың кәсіби шеберліктерін арттырып, үнемі өзін-өзі дамытып, жетілдіріп отыруы үшін қажеттіліктерін қалыптастыру және жазғы демалыс кеңістігінде инновациялық бағдарламаларды іске асыру, қазіргі заманғы ұйымдастырушы-ұстаздың жағымды имиджін қалыптастыру, сондай-ақ, ең үздік педагогикалық жасақтар мен қатысушыларды анықтау және қолдау болып табылады. Слетке колледж әкімшілігі, оқытушылары мен қатар "Қазақстан геологі" емдеу пансионаты директорының орынбасары Ескалиева Шолпан Онаевна, «Тұлпар» сауықтыру орталығының басшысы Б.Р.Жұмағазиева қатынасып, өте тамаша жұмыс осы колледжде бар екендігі туралы өз сөздерінде жеткізді.