Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1- қыркүйек күні
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1- қыркүйек күні

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 1- қыркүйек күні «Білім шаһары шақырады» атты 2018-2019 оқу жылына қабылданған 1 курс студенттеріне арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Салтанатты шарада алғашқы сөз колледж директорының міндетін атқарушы Каментаева Гүлзада Бекеновна 1-курсқа қабылданған студенттерді, ата-аналарды, ұстаздарды білім күнімен құттықтады. Сонымен қатар мерекелікшараның қонақтары болып келген. Атырау облысының білім беру ісінің үздігі, колледж ардагер ұстазы Тыныбаева Баянсұлу Қодасқызы және колледж ардагер ұстазы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Сатқаева Заухина Қапақызы өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздарғаҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын және Атырау облыстық маслихатының Алғыс хатын табыстады.