Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері 19.09.2018 жылы ҚР Мəдениет жəне Спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің тапсырмасына сай
Колледж жаңалықтары

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері 19.09.2018 жылы ҚР Мəдениет жəне Спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің тапсырмасына сай

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері 19.09.2018 жылы ҚР Мəдениет жəне Спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің тапсырмасына сай, үш тілді жетік меңгерген 18 бен 22 жас аралығындағы жастарға арналған "Тілдарын- 2018" қалалық олимиадасына қатысты. Бұл олимпиада да колледж студенттері білімдері мен біліктіліктерін айқын дəлелдеп, жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Атап айтсақ, "Тілдарын- 2018" олимпиадасында филология бөлімінің студенттері Бисеналиев Аян 1 орынға, Арыстанова Гүлназ жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшілері Г.М.Көргенова. Мектеп бөлімінің студенті Каленова Камила алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі А.Ж.Қиюазова сонымен бірге, филология бөлімінің студенті Галимова Ерсана жəне мектеп бөлімінің студенті Ахметова Гүлназ алғыс хаттарға ие болды. Жетекшілері М.С.Кульчикова олимпиада да топ жарып, жүлделі 1 орынға ие болған филология бөлімінің студенті Бисеналиев Аян облыстық олимпиадаға жолдама алды. Үш тілді жетік меңгеріп, өз елінің нағыз, жан-жақты патриот азаматын сайысқа дайындап, шеберлігін шыңдауға үлес қосқаны үшін, жетекшісі Гаухар Махамбетқызына қала əкімдігінің орынбасары П.Хасановтан арнайы алғыс хат берілді. Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен суицидтің алдын алу бойынша колледж студенттері арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында флеш-моб өтілді. Осы шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып жүлделі 2-орынмен марапатталды.