Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөліміндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша оқып жатырған 3 (9) жк топ студенттері және топ жетекшісі Ізбасарова Әсем Нұрбергенқызының ұйымдастырумен
Колледж жаңалықтары

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөліміндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша оқып жатырған 3 (9) жк топ студенттері және топ жетекшісі Ізбасарова Әсем Нұрбергенқызының ұйымдастырумен

Қыркүйек айының 27 жұлдызында Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Филология» бөліміндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша оқып жатырған 3 (9) жк топ студенттері және топ жетекшісі Ізбасарова Әсем Нұрбергенқызының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты: студенттерді ана тілін толық меңгеруге тәрбиелеу, оның дәрежесін асқақтата көтеруге үйрету, сонымен қатар, орыс тілі мен ағылшын тілдерін де жеткілікті деңгейде білуге, үйренуге шақыру. Сайыс үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Бәсеке барысында студенттердің білімі таразыға түсті, бес кезең бойынша бақ сынады. Сайыс соңында қара қылды қақ жарған әділ-қазылар өз шешімдерін шығарды. 1 (9) а топ студенті Меркебаева Меруерт «XXI ғасыр көшбасшысы» деген атқа лайық деп бағаланса, қалған қатысушылар Алғыс хат иеленіп, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Шара соңы топ жетекшісі Ізбасарова Әсем Нұрбергенқызының қорытынды сөзімен аяқталды: «Тіл – ұлттың баға жетпес байлығы, сарқылмас қазынасы. Ол қашанда халықпен біте қайнасып, талай ғасырды бастан бірге кешеді. Тілді құрметтеу – баршаның парызы. Осылай, қазақ тілінің мерейі артып, мәртебесі асқақтай берсін. Елім, жерім деп ер жетер ерен ұрпағымыз көп болсын».