Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі
Біздің мақсат: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің негізгі мақсаты қоғам мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Міндеттер
- - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының мен үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
- - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
- - Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
- - Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- - Қоғамның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету.
2. Корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексі
3. Мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөніндегі саясат
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі нұсқаулық
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат