Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
                                                ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

     Білімнің қасиетті қарашаңырағына айналған ғасырға жуық шежірелі тарихы бар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі ¬– облыста тұңғыш ашылған кәсіби білім беретін оқу орны. 1929 жылы Гурьев педагогикалық техникумы ретінде жұмысын бастаған білім ордасы арнаулы педагогтік білімі бар бастауыш сынып мұғалімдерін даярлады. 1992 жылы ұлағатты ұстаз, білікті басшы Қатира Дүтбаеваның есімі берілді. Қазіргі кезде колледж заман талаптарына сай жаңарып, кемелденіп келеді.
     Біздің алдымызға келген білім алушы – болашақ ұстаз, болашақ ата-ана, қасындағы жолдасына ықпал етіп, тағдырын өзгерте алатын қадірлі сыйлас құрбы. Сондықтан, біз болашағын осы колледжбен байланыстырған әр шәкірттің жігерін жанып, сенім шырағын жағуды адамдық борышымыз санаймыз. Сан мыңдаған түлектеріміз еліміздің әр қиырында тәуелсіз Қазақстанның өркендеп, көркеюіне өз үлесін қосып келе жатқаны – біз үшін үлкен мәртебе.Қазіргі таңда колледжде Білім беру ісінің үздіктері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері,магистрлер мен жаңартылған білім мазмұны бойынша білімдерін жетілдірген жоғары санатты оқытушылар дәріс беруде. Бүгінгі заман - бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан ұлттық рухпен тамыры сусындаған, өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар дайындау біздің басты мақсатымыз.

Құрметпен: Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі, облыстық мәслихат депутаты Қарабаева Айжан Сарсенқызы
Қарабаева
Айжан Сарсенқызы