Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Жатахана
Студенттерге

Жатахана

Колледж жатақханасы туралы мәлімет

     Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж жанындағы студенттер үйі Сатпаева 4б мекен-жайында орналасқан, 1997 жылдан басталып жұмыс жасап келеді. Жатақхана 5 қатарлы, кең шарбақты, 2016жылы күрделі жөндеуден өтті. Жатақханада 120 орын студенттерге арналған, кітапханасы, демалу бөлмесі, асханасы, киім жуу бөлмесі, киім үтіктеу, кептіру бөлмелері, қызметкерлер орындары мен студенттердің қосымша факультативті сабақтарға арналған аудиториялар қамтылған. Әр секцияда 3,4 бөлмелер орналасқан.Бөлмелердестуденттерге арналған инвентар нөмірленген жихаздарменқамтылған. Әр секцияда студенттердің жуынатын душтары орналасқан. Әр оқу жылында колледж директорының атына жазылған арызымен, комиссия мүшелерімен талқылана отырып, жатақханаға колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылы студенттердің арызын негізге ала отырып қаулы шығарылып, жатақхана беріледі.Жатақхананың 2,3,4,5 қатарлары студенттермен қамтылады. Әр қатардың төрт секциясы бар. Әр секцияға старосталар тағайындалып, кезекшілік қызметі атқарылып тұрады. Жатақхананың 3 секциясын арнайы студенттердің тәрбиелік шаралары, қосымша сабақтан тыс шаралары өткізіледі.Жатақхана ішінде кітапхана, музыка аудиториялары ,екінші қабатындастуденттерге арналған демалу орындықтары берілген. Студенттердің өтініштері қаралып,жатақхананың ішкі тәртібінің ережесімен танысып қол қояды. Тәрбиелік шаралар өтіп,тазалық шаралары, қауіпсіздік ережелері туралы студенттерге жиі ақпараттар беріліп, жұмыс жоспарына сүйене отырып жүзеге асады. Жатақхананы жанұя жағдайларына байланысты, тәжірибе уақытында алмасуға байланысты студенттер өздеріне берілген мүліктерді жауапкершілікпен тапсырып, жатақхананы босатады. Оқу жылы аяғында жатақхана студенттері секциялары мен бөлмелерін әктеп, жиһаздарын тазалап, келесі оқу жылына дайындап тапсырады.

                                                       Жатақхана тәрбиешісі  Д.Құндызбайқызы