Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Жастар комитеті
Студенттерге

Жастар комитеті

     Студенттердің жетекшілік қасиеттерін шыңдау,команда да жұмыс істеу дағды-ларын,белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында колледжімізде студенттердің ғылыми қоғамы,жастар комитеті,кәсіподақ комитеті бірлесе қызмет атқарады. 2012 жылы қаңтар айында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі комитеті құрылған болатын.
        Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының заңдарына және колледждің ішкіережесіне сәйкес , колледж білімгерлерін осы қолданыстағы ереже аясында басын қосатын, «Өзін өзі басқару» ұйымы болып табылады.Бұл құрылған ұйымда жетекшілік ететін «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті сайланған, және колледждің төрт бөлімінде төрт министр сайланды. Осы құрылған топ бойынша белсенді студенттер жинақталып, жылдық жоспар құрылып, жұмыс жүргізіліп келеді.Сонымен қатар колледжде студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатындаүйірмелер мен клубтар, спорттық секциялар жұмыс жургізілуде. Атап айтсақ : «Бәсеке»,«Эврика» жайдарман тобы, «Көзайым» би тобы, «Эверест» дебат клубы, «Жас қалам» ақындар клубы, Халық аспаптар ансаблі, «Драма» ағылшын үйірмесі; спорттық секциялары бар. Жеңіл атлетика,тоғызқұмалақ, футбол, үстел теннисі бар.
        Арнайы топ студенттердің Жарғы мен ішкі тәртіп ережесін бұзғандығы жөніндегі мәселелерді қарайды.Жыл сайын студенттер жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырады.