Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Жол сілтеуші
Студенттерге

Жол сілтеуші

Құттықтаймыз!

Сен Кәсіби құзыретті, интеллектуалды тұлға дайындайтын, ғасырға жуық тарихы бар, білім мен өнердің қарашаңырағы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студентісің!

Ата-анаңа, ұстаздарыңа, тағдырыңа, достарыңа, ең алдымен, өзіңе алғыс айт!!!
Сенің таңдауыңа Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі дән риза!

Сен қазір жассың. Жоғарғы интеллект, білім мен табысқа құлшыныс сенің ерекше қасиетің. Сені сол үшін құттықтаймыз! Кәсібін сүйікті ісіңе, ал сүйікті ісің кәсібіңе айналдырудың өзі бақыт.

Ерекше студент- бұл «оқымысты» да, «қыдырымпаз» да, тапқырлық ойындарға қатысушы да емес, өз қабілеті мен мүмкіндігінше олардың барлығын қоса алып жүретін адам.



Танысайық!!!

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі туралы (білу міндет):
Директор: Қарабаева Айжан Сәрсенқызы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі.

Колледжі туралы мәлімет:
1929 жылы Гурьев педагогикалық техникумы болып ашылды.
1937 жылдан бастап Гурьев педагогикалық училищесі болып аталды.
1957 жылдан бастап Гурьев физкультура- педагогикалық училищесі болып аталды.
1958 жылы оқу орны жабылды.
1976 жылы (16 тамыз) орта арнаулы оқу орны қайта ашылды.
1992 жылы училищеге Қ.Дүтбаева есімі берілді.
1995 жылы педагогикалық училище колледж атағын алды.
1997 жылы шілдеде Атырау облысы әкімінің №465 бұйрығы негізінде Атырау мәдени-ағарту колледжі және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжі қосылып, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі болып қайта құрылды

Меншік түрі – мемелекеттік.
Оқыту күндізгі және сырттай оқу түрінде, мемлекеттік тапсырыс және шарттық негізде жүргізіледі.

Мамандықтар саны -14



5 оқу бөлімі жұмыс жасайды:

«Мектеп» бөлімі,
«Мектепке дейін тәрбие және оқыту» бөлімі, «Филология» бөлімі,
«Өнер және мәдениет» бөлімі, ,
Сырттай оқу бөлімі



Студенттер үйі


100 орындық жайлы жатақхана
Сен тұрып жатқан студенттер үйі
Басқа қаладан келген студенттерге арналады...
Студенттер үйінен орын беру туралы өтініш жаздың ба? Жыл сайын 25 тамыздан бастап барлық курстар мен мамандықтар бойынша өз студенттерді қабылдауды бастайды. Өмір сүру ыңғайлы болу үшін, бөлмеңде бірқатар заттар болу керек. Бұл, біріншіден, тамақ дайындауға қатысты барлық заттар. Екіншіден, кір жууға қажетті барлық заттар. Үшіншіден, тазалыққа қатысты барлық заттар. Соңында, жақсы өмір сүруге қажетті өзге де заттар, яғни тоңазытқыш, магнитофон, теледидар, электршайнек, тостер және т.б. Бұларды тұрғындардың өздеріне де (меншік заттары) әкелуге болады немесе жалға алуға да болады (бірақ олардың ортақ қолданыста болатыны туралы ойланыңыз).



«Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі» КМҚҚ КІТАПХАНАСЫ


Жұмыс тәртібі:
Күн сайын 9. 00-17. 00
Сенбі- 9.00-15.00
Үзіліс сағат-13.00-14.00
Демалыс күні- жексенбі
Айдың соңғы күні тазалық күні

Кітапхананың кітап қорының саны-37218 дана, көркем әдебиет, электронды оқулықтар, оқулықтар, арнаулы пәндер, кәсіби пәндер.



Біле жүріңіз! Ескеріп жүрген істің ертеңі жақсы.

Колледждің ішкі тәртіп Ережесін оқу орнында оқитын білім алушылар орындауға міндетті.

1. Колледж білім алушыларының құқығы:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
Колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде қоғамдық жастар ұйымдары мен колледжді басқару органдарына сайлау мен сайлануға;
Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорлар, сондай-ақ білім беру, медициналық, өзге де құрылымдардың қызметтерін ақысыз пайдалануға;
Сабақ беру сапасы мен әдістері жөнінде пікірін білдіруге және оларды жақсартудың жолдары жөнінде ұсыныстар жасауға;

2. Колледж білім алушылары міндетті:
Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін сақтауға; педагогикалық Кеңес шешімдерін, директордың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға;
Колледждің барлық оқу түріндегі білім алушылары білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды дәл оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген уақытта тапсыруға ;
Техникалық қауіпсіздікті, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасын бақылау, “Тазалық сенбіліктеріне” жүйелі түрде қатысып тұруға;
Коледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгілі ережелерін орындауға, барлық пайдалы қорларды үнемдеуге;

3. Колледж ғимаратында қатаң тыйым салынады:
Дауыс көтеріп сөйлеуге, балағат сөздерді қолдануға, сабақ кезінде дәлізде бос жүруге;
Оқу корпусы, жатақхана мен олардың төңірегіндегі жерлерде шылым шегуге;

4. Ішкі талап Ережесін бұзғаны үшін жауапқа тарту:
1) ескерту;
2) қатаң сөгіс;
3) жатақханадан шығару;
4) колледжден шығару;
5) Колледж бен жатақханадан шығару.

5. Білім алушылар төмендегідей жағдайларда жауапкершілікке тартылады:
Оқу орнының мүлкіне нұқсан келтіргені үшін;
Сабақты 12 сағат мөлшерінде себепсіз босатқаны үшін;
Құжаттарға немқұрайды қарағаны үшін;

Білім алушының оқудан шығарылуына негіз болатын басқа да жайттар төмендегідей:
өз еркімен, сондай-ақ, ауруына байланысты немесе басқа оқу орнына ауысуға байланысты;
академиялық үлгерімі төмен
ақылы негізде білім алушылар оқу ақысын мерзімді уақытында төлемеген жағдайда;

6. Тосын жағдайлар:
Тосын жағдайларда бірінші кезекте топ кураторына, бөлім меңгерушісіне хабарлас. Бір нәрсені жоғалтқан немесе ұрлатқан жағдайда ғимарат комендатына немесе студенттер үйіндегі кезекші адамға хабарлас.
Егер жоғалған немесе қараусыз қалған заттарды байқасаң немесе сырттан келген біреу сенімсіздеу болып көрінсе, ғимарат вахтасына хабарлас.



Оқу процесі


1 оқу жылы -36 апта
Қысқы демалыс 2 апта
Жазғы демалыс 2 ай
1 академиялық сағат 90 минут
Аралық үзіліс 10 минут


Аттестация уақыты- 2 айда алған студенттің білім сапасын анықтайтын кез.

Сессия уақыты жылына 2 рет. Қысқы және жазғы сессия уақыты деп бөлінеді.

Оқу кестесін бөлім меңгерушісі құрастырады.
Сабақ кестесі бөлімдердің дәліздерінде ілінген.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де, адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Абай




Нағыз мұғалім жан-жақты болу керек екендігін естен шығарма!


Колледжде өтілетін сабақтың негізгі формалары:
Дәріс – белгілі бір тақырып бойынша жинақталған материалдар жиынтығы.
Дәріске ерекше назар аудару керек, оқытушының ойын бақылап отыру керек, дәрістегі ең маңызды сұраққа назар аудару керек.
Семинар – сабақтың теориялық формасы, оның барысында студенттердің білімін тереңдетіп, бекітеді.
Формалары – сұрақ-жауап, жоспар бойынша әңгімелесу, ауызша баяндамалар, рефераттарды талқылау, пікір- талас.
Зертханалық тәжірибелік сабақ – теорияның практикамен байланысы және білімді бекту. Егер сен жұмыстың мақсаты мен міндетін түсінсең, бұл сен үшін маңызды.
Кеңес беру – оқу процесі бойынша студентке жекелеп, топтан көмек көрсету. Рефератқа, курстық жұмыстарға, сынақ емтихандарға қатысты сұрақтарды шешу.
Коллоквиум – білім деңгейін анықтайтын оқытушы мен студент арасындағы әңгіме. Коллоквиум бақылау-оқыту функциясын орындайды.
Іскерлік ойын – типтік кәсіби жағдайларды модельдеу. Шындыққа жақындатылған жағдай, ойлар мен тұжырымдарды тексеру.
Практика – кәсби функцияларды орындауға мүмкіндік беретін дағдылардың қалыптасуына бағытталған. Түрлері де әр түрлі: оқу, технологиялық, өндірістік, педагогикалық, диплом алдындағы.
Мәнжазба – нақты бір тақырыпқа арналған бұрыңғы зерттеулер мен әдебиеттерге сыни шолу жасайтын жазба жұмыс. Зерттеліп отырған мәселені қарастырған әр түрлі көзқарастарды бағалау, өз пікірін маңызды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық және бітіру жұмыстары. Білім алу ғана емес, мұнда зерттеу жұмысына төселу керек. Бұл мынандай кезеңдерден тұрады: Тақырып таңдау.
Курстық және бітіру жұмыстарының тақырыптары, негізінен, пән бірлесттігі отырысында бекітіледі, бірақ сен өз тақырыбыңды ұсына аласың... Тақырыпқа тереңдеу. Әдебиеттер тізіміне мән бер, өздігіңнен ізден, мақалалар оқы,үзінділер жазып ал, картотека жаса.
Жұмыс жоспарын құр. Онда негізгі мәселелер кезегімен орналасып, жұмыс барысында ашылуы керек. Нәтижелерін талдау. Қорытынды мен ұсыныстарың қалыптасады.



Қалай оқу керек?


Шәкірт ақы-студенттің ай сайынғы табысы. Жақсырақ оқысаң, көбірек аласың!
Шәкіртақы аралық бақылау мен емтихан сессиясында қанағаттанарлық баға немесе академиялық қарызы бар студентке тағайындалмайды.

Шәкіртақы түрлері:
  • жоғарылатылған (оқу сессиясын үздік бағамен аяқтаған)
  • дағдылы (оқу сессиясыннан «жақсы» және «үздік» баға алған)
  • әлеуметтік шәкіртақы (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бала жастан мүгедек т.б.)

Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Оқи білген көкейіне тоқи біледі.



Немен айналысу керек?


Студлайф:
Күш-қуатың бойыңа сыймай тұрса...
Ғылым мен зерттеуді
Жобалар мен тренингтерді
Спорт пен саяхатты
Би, ән, театрды жақсы көрсең, бойында тасып тұрған күшіңді қажетті арнаға жұмсауға көмектесетін үйірмелер, секциялар жүмыс жасайды. Хабарландыруға арналған тақтадағы ақпараттарға назарыңды салып жүр

Бас ғимраттың 2 қатарына барсаң «Жастар» ҚБ жұмыс жасайды.
Ол жерде:
  • «Жас Отан» ЖҚ
  • «Эверест» дебат клубы
  • «Эврика» жайдарман клубы
  • Сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері
  • Мәнерлеп оқу
  • «Жас қалам» үйірмесі
  • Би үйірмесі
  • Қуыршақ театры
  • Ағылшын тілін дамыту үйірмесі
  • «Драма» үйірмесі
  • «Қол өнер әлемі» үйірмесі
  • Халық аспаптар ансамблі
  • «Сұңқар» патриоттық клубы
  • «Мәнерлеп оқу» ағылшын тілі
  • Спорттық секциялар:
  • «Жеңіл атлетика»
  • Тоғызқұмалақ
  • Футбол
  • Үстел теннисі
  • Шахмат

Біздің жастардың ұстанымы: әуелі абройыңды арттыру үшін барыңды салып еңбектенесін. Кейін абрыойың саған қызмет жасайтын болады.

Жыл қорытындысы бойынша оқу, білім, ғылым, спорт, қоғамдық шараларда өзін белсенді көрсеткен студенттер Алғыс хатпен марапатталады.


Сіз білуіңіз керек:
Колледжі директоры Қарабаева Айжан Сәрсенқызы
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Каментаева Гүлзада Бекеновна

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Кабделова Асем Сатымгалиевна

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Лұқпанова Дина 

Директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары
Муксиева Нургул Еділқызы

Оқу бөлімі меңгерушісі
Өтебай Айганым Қосымбайқызы


Біздің мекен-жайымыз:
“Қ.Дүтбаева атындағы  Атырау гуманитарлық колледжі”
Атырау қаласы, п.и.060003, проспект Азаттык, 152 а
Тел:8(7122)45-68-06
e-mail: gumcollege@yandex.kz